Сыр өңірі осымен төртінші рет жәрмеңке өткізіп отыр. Бұл жолы да олар жеміс-жидек, көкөніс түрлерін, балық, ет, күріш, сүт өнімдерін әкеліп, елордалықтарды жарылқап тастады. Әсіресе, Сырдың атақты ақ күріші мен тәтті қауын-қарбызын жұртшылық қап-қабымен әкетіп жатты.
Қызылорда облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерхан Ағыбайдың айтуынша, жәрмеңкеге барлығы 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінген. Атап айтқанда, күріш – 75 тонна, жылқы еті – 7 тонна, сиыр еті – 7 тонна, сүт өнімдері – 3,5 тонна, қымыз – 1,25 тонна, шұбат – 1,25 тонна, ара балы - 0,2 тонна, балық – 6 тонна, конфет – 0,5 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 20 тонна, алма, алмұрт, өрік, банан – 6 тонна, картоп – 6 тонна, сәбіз – 3 тонна, қырыққабат - 15 тонна, сөк, талқан – 1,5 тонна, ас тұзы – 5 тонна, қауын – 60 тонна, қарбыз – 40 тонна, тағы басқа да өнім түрі ұсынылды.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»